🎗️🎗️🎗️ 22 қарашада Соколовка орта мектебінде онлайн форматта 5-6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтіп, оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды.
5 -сынып оқушысы Бисембаев Илья жаратылыстану пәнінен 2 орын алды. Жетекшісі Айбасова Алма Асылбекқызы.
6-сынып оқушысы жаратылыстану пәнінен 3-орынға ие болды. Жетекшісі Айбасова Алма Асылбекқызы.
Ал 5 -сынып оқушысы Лавриненко София орыс тілінен 3 -орын иеленді. Жетекшісі Нечаева Елена Николаевна.

🎗️🎗️🎗️ 25 қараша күні Соколовка орта мектебінде 9-11- сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадасы өтті. Екінші аудандық кезеңге 8 оқушы қатысты: 9 -сынып оқушысы Козлова Виктория, 10 -сынып оқушылары Горбань Мария, Велиева Фания, Малышкин Михаил, Акулова Анастасия және 11 -сынып оқушылары Гаврилова Лилия, Шамсудинова Карина, Щеголев Кирилл.