🎗️🎗️🎗️ 27 қыркүйекте Республикалық мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңіне Соколовка орта мектебінің оқушылары қазақ тілі бойынша белсенді қатысты. Оған Галиаскар Жансая -жетекшісі Кусаинова Гүлмира Жоламановна, Молчанова Анжелика - жетекшісі Игликова Зухра Бекетовна және Щипер Алина - жетекшісі Белгібаева Гүлнаш Алтаевна қатысты. Оқушыларымызға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

🎗️🎗️🎗️ 2022 жылдың 20 қазанында студенттер мен оқушылар арасында "Бірегей экспонат/құжат" атты облыстық презентация байқауы өтті. Бұл байқауға біздің мектептен 9 -сынып оқушысы Козлова Виктория белсенді қатысты. Жетекшісі Айбасова Алма Асылбекқызы.



🎗️🎗️🎗️ 2022 жылғы 24 қазанда онлайн форматта барлық педагогтар арасында "Қазақстанның үздік 100 мұғалімі" республикалық байқауы өтті. Соколовка ОМ-нен бастауыш сынып мұғалімі Ошмарова Наталья Николаевна қатысып, үздік 100 мұғалімнің тізіміне енді. Наталья Николаевнаға диплом және өмірбаяны бар "Құрмет кітабы" берілді. Сондай-ақ медальмен марапатталды.

🎗️🎗️🎗️ 26 қазанда 2-7 сыныптар арасында "Зерде" ғылыми жобалар байқауы өтіп, оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. 3-сынып оқушылары Қази Даниал мен Горбань Александра орыс тілі пәнінен 3-орын алды. Жетекшісі Кошкарева Ольга Юрьевна.
7-сынып оқушысы Ушакова Вероника физика пәнінен 3-орын иеленді. Жетекшісі Черницина Анастасия Михайловна.