11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) қазақ/орыс тілі бойынша білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан-5 маусым;
2) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан-8 маусым;
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан-12 маусым;
4) орыс тілінде оқытатын мектептерде/ қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/ орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан-15 маусым;
5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет,ағылшын, информатика жазбаша емтихан-19 маусым.